Әдеби форум

Сауалнама

Әдеби форум

Сауалнама

Құрметті оқырман!



Оңтүстік өңірі қаламгерлерінің сайтына қош келіпсіздер!


Оңтүстік Қазақстан облысының ақындары мен жазушылары еліміздің рухани өрісін өрнектеуге, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып келеді. «Әдебиетті - ардың ісі» деп бағалайтын қаламгерлер қауымы қашанда қоғамның айнасы, үні, қозғаушы күші. Төлеген Айбергеновтың «Ақын болу оңай деймісің, қарағым, аузында болу ғой бұл сыздаған барлық жараның» деуі де осыны меңзесе керек. Оңтүстік өңірі әдебиетінің ежелгі тарихы бүкіл адамзаттың мақтанышына айналған ұлы тұлға әл-Фараби бабамыз мен бен күллі түркі әлемінің рухани ұстазы Қ.А. Иасауи сынды данышпандардың мұраларынан бастау алады. Қос алыптың тұсында өмір сүрген тұлғалар С. Бақырғани, А. Иүгінеки, олардан бертіндегі тарландар Майлықожа, Мәделіқожа, Молда Мұса, Құлыншақ пен Орынбай сынды дүлдүлдер халық мақтанышы. Қазақ әдебиетінің классиктері Т. Әлімқұлов, С. Адамбеков, А. Сүлейменов, сондай-ақ, аса көрнекті қаламгерлер С. Бақбергенов, Ө. Тұрманжанов, Т. Бердияров, Т. Тоқбергенов, Қ. Найманбаев, О. Малқаров, Н. Сүлейменов, т.б. осы өңірдің өрендері. Бүгін де баршамыз мақтан тұтатын еліміздің ақын жазушылар легінің үлкен шоғырын да оңтүстік өлкесі берген. Д. Исабеков, М. Шаханов, И. Сапарбай, Е.Тұрысов сынды, т.б. қаламгерлеріміздің шығармалары оқырман жүрегінен өз орнын тапқан.
ОҚО қаламгерлері сайтына бірқатар ақын-жазушыларымыз туралы веб-беттер ұсынылды. Бұл тізім өз жалғасын табады.




http://kalamger-uko.kz


Кіру саны