Жастар шығармашылығы

 Untitled Document

Талғат Сұлтанов


       01.11.1991.жылы Отырар ауданы, Ақбұлақ ауылында дүниеге келген.












Шығармалары


Аллаға сенім

Бастаймын алғаш сөзімді,
Жаратқан Алла атымен.
Сенніммен жалғап төзімді,
Аллаға ғана бас ием.

Тәңірге деген  сенніммен,
Жүремін иман жолында.
Құтылмас ешкім өлімнен,
Алланың бәрі қолында.

Өтуде күндер, өтуде
Ол – дағы қайта оралмас.
Қалар ол тарих төсінде,
Ол күнге ешкім бара алмас.

Күн шығар арты, түн болар
Күннің де сөнер шуағы.
Бір кетер бақыт бір қонар,
Мәңгілік болмас тұрағы.

Жұлдыз да, ағып құлайды
Тұрмайды мәңгі, сөнеді.
Аспан да үнсіз жылайды,
Қайтеді, ол да көнеді.

Көктемнің түйір бүршігі
Жайқалып бүрін жарады.
Келгенде күздің тылсымы,
Тұрмайды, ол да солады.

Дүние мәңгі жасар ма?
Бір Алла, білер анығын.
Аллада болар қашанда,
Сенімім менен танымым.

Үмітпен әркез қараймын,
Алланың берер бағына.
Иманды нұр деп санаймын,
Шуағын шашар жаныма.

Тоңдырса тағдыр жанымды,
Оған да мейлі көнемін.
Алладан тілеп бағымды,
Аллаға ғана сенемін.

Мәнсіз де болсын өмірім,
Оны да, сын деп білемін.
Иманды қалап көңілім,
Алла деп соғар жүрегім.

Құранда болар басты ілім,
Ұғынсам соны бір айбын.
Құрығын бұзып нәпсінің,
Тәңірден иман сұраймын.

Тұрмайды мәңгі жанымыз,
Осынау жұмыр ғаламда.
Кетеміз көкке бәріміз,
Мәңгілік өмір болар ма?

Құлшылық етем Аллаға,
Сөндірмей иман шырағын.
Көнемін жоққа барға да,
Амал не, жалған тұрағым.

Қалайда мәңгі жүрегім,
Иманға тұнған бақытты.
Бір Алла, менің тірегім
Сыйлайтын жанға жақұтты.



Ана

Құшағында ыстық құлпырып өсті ұл, қызың
Аяулы ана шуағы сөнбес жұлдызым.
Тағдырдың мынау сыйы мен сынын бір кешкен,
Жаныма үлгі өмірлік әрбір нұрлы ізің.

Қуанышыма шаттанып, жайнап, жанасың,
Алыстап кетсем уайымды оймен қаласың.
Сезімге толы жүрегің, жаның әрқашан,
Ұл – қызы үшін аяулы менің анашым.
        
Көңілің сенің құлазып кейде қалады,
Ойлайсың бізді сондықтан жаның жаралы.
Сездірмегенсіп жымиып қана қоясың,
Бөленіп нұрға көзіңнің жарқын жанары.

Сол жанарыңнан күш қуат алам жаныма,
Жырақтап кетсем жүремін әркез сағына.
Ұрпағың үшін сан ойдың көлін кешесің,
Қарызбын ана шашыңның әрбір дағына.



Сырғуда уақыт

Сырғуда уақыт сезбейміз оны сірә біз,
Сезбейміз мүлде көз іліп таңда тұрамыз.
Осылай өмір кетеді алып жастығын
Кәрілік деген шыңға да бәлкім шығамыз.

Бір Алла білер, бір Алла білер анығын,
Бір Алла ғана көрсетер күннің жарығын.
Білерім Алла, тірегім Алла өзің деп,
Өзіңде болды сенімім менен танымым.

Тағдырдың сыйы жылатар бірде жұбатар
Пенденің жанын қуантып бірде құлатар
Жайқалған гүлде солады мәнгі тұрмайды
Жас шыбық гүлдер ажарын ашып бур атар

Сыбаға, сыйлық, махаббат, сезім гүл өмір,
Қалады артта күтуде алдан шын өмір.
Бұл өңір деген бақылап әрбір пендеден,
Емтихан алып сынайтын сырлы сын өңір.

Ата-ана, бала, бірге өскен бауыр бақытым,
Достарым, жарым, арнайтын мен деп уақытын.
Қауқарсыз қалар қиямет жетіп жалт етсе,
Бере алмас көмек, бере алмас мейір жақұтын.

Аллаһу әкбар сәждеге қойсам басымды
Көремін сонда бір сәттік бақыт асылды
Алланы бар деп Алланы бір деп ғаламды
Сезімімменен жүрегім жаным бас ұрды
Алла деп қана сәждеге қоям басымды



Құран сөздің ұлысы!

Әр сөздің бар ғой бағасы
Әр сөздің бар ғой шаласы
Көңілге салып қарасаң
Тарамда-тарам арасы
Пенденің жетсе санасы
Құран ғой асыл дарасы
Ойланып соны қарашы

Жаманын үйіп лақтырып
Жақсысын түйіп бақ қылып
Жүректе сақтап жүрейік
Болар ол бізге нақты үміт
Құлшылық етіп Хаққа ұлық
Намазға бекем нақ тұрып
Кол созып әрбір сауапқа
Асығайық біз аптығып

Құран ғой сөздің ұлысы
Құран ғой сөздің ырысы
Құраннан тапсақ өсиет
Сол болар бізге дұрысы
Қызыққа қанбай құрышы
Шайтанмен болса жүрісі
Иман атты сарайдың



Бұзылып қалар бұрышы

Бес күндік мынау жалғанда
Адамды ажал шалғанда
Байлық пен ынсап, атағы
Көріне бірге барған ба?
Бойыңда қуат жан барда
Шайтанға бекер алданба
Намазыңды оқып бес уақыт
Құлшылық еткін арланба

Адамның біздер ұлымыз
Алланың біздер құлымыз
Құлшылық етіп тәңірге
Иманға бетті бұрыңыз
Шайтанды шетке қуыңыз
Намазбен жанды жуыңыз
Дауылдан бізді сақтайтын
Жайқалып тұрсын нуымыз

Лә иләһә иллалаһ
Мұхаммадан рассуллаһ
Деген сөзден жамағат
Имандық жолы құралмақ
Жүректен туған мұнарлап
Қостым ғой мен де жыр арнап
Иманды болып жүрейік
Қолдасын бізді бір Аллаһ!!!