Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Қалмаханов Беркін

Беркін Қалмаханов 1946 жылы 17 мамырда Келес ауданында, «Абай» ауылында туған. Алматы ауыл шаруашылығы институтының бітірген соң, елге келіп шаруашылық жұмыстарында болды.Өзінің іскерлігі мен көзге түскен ол совхоз директоры болып істеді.
Беркін Қалмаханов өмірден ерте кетті.Ол әдебиетіміздің сынына өзіндік үлесін қосып кеткен қаламгер. Оның М. Мақатаев туралы жазған әдеби талдаулары республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланып, әдебиетшілерден жоғары бағасын алды.
Б.Қалмахановтың шығармалары «Келес толқындары» атты жинақта жарияланды. «Іңкәр сезім» деген жеке кітабы 1993 жылы жарық көрді Ол 1997 жылы қайтыс болды.