Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Нарымбетов Сатыбалды

Сатыбалды Нарымбетов 1946 жылы Түркістан ауданының «Ащысай» поселкесінде дүниеге келген. 1965 жылы ҚазМу – дің журналистика факультетін бітірген. 1969 жылы Бүкілодақтық Мемлекеттік кинемотография институтының (ВГИК) сценарлық факльтетін бітірді.
1968 жылы «Жазушы» баспасынан С.Нарымбетовтың әңгімелер жинағы жарық көріп, оның көпшілігі шет ел тілдеріне аударылған. Кейінен «Ассалаумағалейкум Атлантида» кітабы жарық көрді.
С.Нарымбетовтың «Шоқ пен шер» лентасы қазақ киносының классикасына айналған. Монте Карлодағы XI халықаралық фестивальдің «Күміс лимфасын» иеленген. Ол халықаралық дәрежедегі ірі сыйлықтарды алған. Қазақстанды ғаламға кеңінен таратқан көрнекті кино режиссер, Жазушылар одағының мүшесі С.Нарымбетов халық өнеріне арналған республикалық «Тарлан» сыйлығын иеленді.