Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Нұсқабайұлы Жарылқасын

Жарылқасын Нұсқабайұлы 1940жылы 8 қаңтарда Отырар ауданының «Маяқұм» ауылында туған. Орта мектептен соң туған елінде бірнеше жыл жұмысшы болып еңбек еткен. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
Еңбек жолын тнледидарда бастаған Ж. Нұсқабайұлының сонда бас редакторлыққа деін өседі. Кейін Қазақ телеграф агентігінде аудармышы – редактор, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, «Мектеп» баспасында (кейінірек «Рауан») бас редактор, директор. 1998 жылдан «Білім» баспасының директоры.
1983 жылдан бері Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінде сабақ береді. Негізінен аудармашы, жазушы ретінде танылған. Ол «Құмда өскен қызғалтақ», «Мен күтпеген күн еді», деген повестердің, «Аңқау арыстан», «Жылауық», «Түлкі мен балық», «Түйенің мүйізі қайда», «Түлкі мен көкқұтан», «Түлкі неге айлакер?», «мақтаншақ бақа» атты көркем шығармалардың, «Инабат», «Әдеп», «Қазақ журналистикасының тарихы», «Көне басылымдар, аяулы есімдер», «Алты алаштың ардақтылары» тәрізді ғылыми педогогикалық кітаптардың авторы. Аударма саласында да өнімді жұмыс атқарған ол орыс, чех, белорус, түркімен, тәжік, қырғыз, армян жазушыларының шығармаларын, «Көлеңке шаңқай түсте жоғалады» (Тени исчезают в полдень) «Аласұртқан ақша» көркем фильмдерін қазақшаға аударған. Ж. Нұсқабайұлының Қазақстан Жазушылар Одағының, Журналистер Одағының мүшесі. Отырар ауданының құрметті азаматы.