Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Сәуірбаев Өмірбай

Өмірбай Сәуірбаев 1946 жылы 17 қыркүйекте Түркістан қаласында туған. Мектепте оқып жүргенде өлең күмар бала бір жолы макта терім кезінде биіктен кұлап, оның ақыры ауыр дертке ұласады. Осы оқыс оқиға жасөспірімнің тағдырын өзгерткендей еді. Ұзақ уақыт ауруханада жатады, ақыры өлеңге біржола бет бұрады. 1964 жылы Өмірбайдың алғашқы өлеңдері "Лениншіл жас" газетінде жарияланды. Осыдан бастап оқырманға жол тапқан оның жырлары республикалық басылымдарда жиі жарияланып тұрды. Өлеқдері орыс тіліне аударьтлған.
Өмірбай Сәуірбаевтың "Сырымды айтам, достарым", "Ардағым", "Мен өмір сүремін", "Ақ дидарын көргенде" атты кітаптары рухани казынамызға айналды. Ол 1981 жылдан бері Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
С.Өмірбаев 1997 жылы қайтыс болды. Бейіті Түркістан қаласы манынлағы зиратта.