Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Сүлейменов Нәмет

Нәмет Сүлейменов 1922 жылы 17 қыркүйекте қазіргі Арыс ауданындағы "Жамбыл" ауылында тутан. Ауылдағы бастауыш мектептен кейін, 1935-39 жылдары Арыстағы балалар үйінде тәрбиеленді. 1941 жылы Түркістан педагогикалық училищесін бітірген. 1941-45 жылдары Киров және Арыс аудандарында мектепте мүғалім, 1946-52 жылдар аралығында облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газетінде әдеби қызметкер, бөлім бастығьг, жауапты хатшы болып қызмет атқарды. 1952-65 жылдар аралығында ол облыстык, радио және баспасөз орталығында түрлі қызметтерде болды. 1965 жылдан 1975 жылға дейін журналистік кызметте болған, 1975 жылдан өмірінің соңына дейін шығармашылық жұмыста болды. Акын Н.Сүлейменов ХҚТУ Шымкент бөлімінін филология факультетін 1963 жылы бітірген. 1981 жылдан бері Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Шығармашылық кызметі1950 жылдардан басталатын ақынның "Жолда", "Тамызық", "Казығүрт", "Жер жәннаты", "Жомартжаз", "Сағымдағы сәулелер", "Тыныштық толғауы", "Мүсабек батыр" т.б. кітаптары бар.
Н.Сүлейменов 1996 жылы кайтыс болды. Бейіті Шымкент қаласы маңындағы зиратта.