Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Сарыбаев Қаныбек

Қаныбек Сарыбаев 1938 жылы 13 наурызда Түркістан қаласында дүниеге келді. Қаныбек 1956 жылы кешкі мектепті бітірген. Еңбекке ерте араласты. Кентау, Арыс, Түркістан қалаларындағы ауданды, қалалық газеттер редакцияларында аудармашы, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды.
Өндірістен қол үзбей оқып,1963 жылы Қаз МУ – дің журналистика факультетін тамамдады. Өлеңдері он бес жасынан бастап баспасөзде жарияланып келеді. 1986 жылдан КСРО және Қазқстан Жазушылар Одағының мүшесі. 1958 жылдан қашан тарап кеткенше КОКП қатарында болған. Аракідік Ащысай руднигі комсомол комитетінің хатшысы, Фариш аудандық (Өзбекістан) партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы болғаны бар.
Екі дүркін 1967 жылы драмадан, 1987 жылы поэзиядан Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты атанды. В.И Ленинің 100 жылдығына орай «Еңбектегі ерлігі үшін» медальмен марапатталған. Отырар ауданының және түркістан қаласының құрметті азаматы.
Оның «Тұңғыш кітап», «Отырар оттары», «Сезімдер сарайынан репортаж», деген кітаптары бар. Жуырда екі бірдей («Қазақия» және «Меккеге тете мекенім» ) жыр жинағы жарық көрді. Түркияның Анкара қаласында «Отан» деп аталатын тағы бір кітабы шығу қарсаңында.
Түркістанда тұрады.