Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Райымқұлов Рахметолла

Рахметолла Райымқұлов 1913 жылы 21 шілдеде Бостандық ауданы «Қараманас» ауылында туған. Ата-тегі Қазығұрт өңірінен. Әуелі ауыл молдасынан, соңынан мектепте оқып, 1959-33 жылдары Ташкент педтехникумын бітірген. Елге оралғаннан кейін, мектепте мұғалім, аудандық «Алға» газетінің релакторы болды. 1935-36 оқу жылында Ташкент педогогикалық институнда оқып, 1937 жылы Алматыдағы Қазақтың коммунистік журналистер институтында оқыды. 1939 жылы институты бітірген соң «Сталин жолы» (Қазіргі қазақстан әйелдер) журналына жауапты хатшы болып тағайындалды. Соғыс басталғанда әскер қатарына алынып, 1946 жылы елге оралып, «Социолистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары қызметтерін атқарды. Осы жылдары Қазақ университетінде сабақберіп жүрді. 1949-53 жылдары Полиграфия және баспасөз қызметкерлері кәсіподағы Республикалық комитетінің төрағасы, 1953-61 жылдары «Жұлдыз» журналының жауапты хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бөлім басшысы. 1971 жылдан зейнетке шыққанға дейін Қазаққстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау Бюросы директорының орынбасры қызметінде болды.
Р.Райымқұлорвтың алғашқы жинағы 1956 жылы «Уәде» деген атпен жарық көрді. «Жасыл белес», «Түйелі адам», «Балдақты адам», «Айнақыз», «Бұрылыстар», «Қара жоға» деген роман, повесть, әңгімелері бар. 1981 жылы шығармаларының екі томдығы шыққан. Садриддин Айнидің «Бұхара» Трилогиясыының екі томдығын қазақшаға аударған.
Р.Райымқұлов – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қаз ССР жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы мен марапатталған.