Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Постников Олег

Олег Петрович Постников 1939 жылғы 13 қаңтарда, Тула облысы(РСФСР), Тула ауданы Новобиссовка селосында туған. 1958 жылы Минеральные Воды қаласында техникалық училищені бітіргенен кейін Қазақстанға келген. Облыстық газетте (Шымкентте), қалалық, аудандық газеттерде қызмет істеді. Көп жылдар бойы Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент облысаралық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі болды. О.Постников А.М Горкий атындағы әдебиет институтының поэзия бөлімін бітірген.
«Крутая излучина», «Берега памяти», «Возвращение», «Соленая роса», «Земной поклон» тағы басқа да кітаптары шыққан. Олег Постников көптеген қазақ ақындары мен жазушыларының шығармаларын орпыс тіліне тәжірмалады. Олардын арасында Т. Молдағалиев, Қ. Қазиев, Т.Айбергенов, Ж. Нәжімеденов және басқалары бар.
О.Постников 1988 жылы қайтыс болды. Бейіті Шымкент қаласы маңындағы зиратта.