Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Сапарбай Исрайыл

Исрайыл Сапарбай 1941 жылы 15 мамырда Самарқан облысының Қошқарабад ауданы, «Қызыль шаруа» ауылында туған. ХҚТУ Шымкент бөлімінің филология факультетін 1969 жылы аяқтады. 1973 жылы Алматыдағы Жоғары партия мектебін бітірген.
Институтан кейін Шымкент облыстық мәдениет басқармасында автоклуб меңгерушісі болды. Біраз уақыт облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде қызмет атқарды. 1976 жылдан Қазақстан Жазушылародағы облысаралық бөлімшесіне (Шымкентегі) әдеби кеңесші қызметіне келді. Осы қызметтен соң, 1982 жылы Алматыға ауысып, «Жалын» баспасының редакторы болды. Ол республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде көп жыл қызмет атқарды. Бұдан соң Қазақстан Республикасының Өзбекістандағы Елшілігінде қызметте болды. И.Сапарбай тамаша лирик ақын – компазитор болумен қатар, дроматург ретінде де танымал.
Ақынның «Аққу арман», «Гүл асыл», «Ғашықтың тілі», «Қызыл жасыл дүние», «Қызыл жел», «Раушан ғұмыр» т.б кітаптары бар. «Сыған серенадасы» пъесасы бойынша қойылған спектакль республика театрларында жүріп жатыр. Ақын Шымкент қаласының құрметті азаматы.