Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Рүстемов Зиябек

Зиябек Рүстемов 1902 жылы 5 қыркүекте бұрынғы келес ауданындағы «Қошқар ата» ауылында туған. Алдымен ауыл молдасынан хат танып, кейін Ташкентегі орыс мектебінде оқиды. Сонда жүріп Октябрь революциясын қарсы алады. Жиырмасыншы жылдары өзінің туған ауылында партия қызметіне араласады.
1925-29 жылдары ақын Ташкенттегі Орта Азия коммунистік университетінде оқиды. Студент кезінде Өзбекстандағы қазақ студентеріне арналған «Кеғедей айнасы» журналын шығаруға ат салысып, ұзамай журналдын редакторы болды. Университеттен кейін З. Рүстемов Қостанай округтік «Ауыл» газетінің, кейін «Қызыл Қарақалпақстан» газетінің редакторы болып қызмет атқарды. 1932-36 жылдары БК(б)П Орталық комитеті Орта азиялық бюросының нұсқаушысы, Өзбекстандағы Беговат аудандық төрағасы секілді бірқатар жауапты қызметтерде болды.
З.Рүстемовтың алғашқы кітабы 1936 жылы Ташкенте басылып шыққан. Зиябектің өлеңдері, дастандары, қиссалары, айтыстар жинаған толық жинағы «Басында Қазығұрттың» деген атпен 1986 жылы «Жазушы» баспасынан жарыққа шыққан.
Зиябек ақын қазақтың арғы бері тарихын, XV – XVIII ғасырларда өмір сүрген жыраулар дәстүрін жақсы біліп, шебер меңгерген. Ақынның «кейкі батыр», «Отарбат аңызы» , «Қазығұрт хикаясы», «Қыз әулие», «Күнсұлу» атты жырлары қазақ әдебиеті сыншы-ғалымдарынан жоғары бағасын алған.
З. Рүстемов 1948 жылы 5 ақпанда дүние салған.