Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Қалауова Зияш

Зияш Қалауова 1921 жылы қазан айында Түркістан ауданына қарасты Ащысай руднигінде туған. 1932 жылы бұрынғы шәуілдір ауданындағы «Кеңес» колхозының жеті жылдық мектебіне оқуға барады. 13 жасар ақын қыз 1934 жылы Қазақстан Жазушыларының I съезіне қатысады. Ол 1939 жылы өткен Қазақстан Жазушыларының II съезінің делегаты. 1940 жылы Түргендегі бір жылдық мұғалімдер курсына оқуға түседі. 1934-45 жылдары Қазақтың Абай атындағы педагогика институтына оқиды.
Соғыстан кейін ақын қыз Алматы облысы, ұйғыр ауданындағы «Ақсу» Орта мектебіне қызметке келеді. З.Қалауованың «Шолпан», «Кавказ шыңында», «Бейбітшілікті сүйеміз», «Алғыс» атты жыр жинақтары бар. Ол 1952 жылы 1 маусымда қайтыс болды.
Зияш Төлеудің жалғыз перзенті. Ол кісі Зияш өлген соң Түркістан мен Кентаудың арасындағы «Құсшы ата» деген жерге көшіп келіп, 200 түп жүзім, 300 түп тал отырғызыпты. «Өзімнен ұрпақ қалмаса да, еңбегім жер бетінде қалсын» депті Төлеу қарт. Ал Төлеудің жалғыз қызына деген сағынышынан туған өлеңі де сақталыпты.