Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Ерімбетов Мылтықбай

Мылтықбай Мамытұлы Ерімбетов 1956 жылы 16 наурызда Жетісай ауданында қарасты бұрынғы Тельман атындағы колхозда туған.
1977 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факултетін бітірді. Оқудан соң Өзбекісттаның Гагарин қаласындағы аудандық «Достық» газетінде редактор,1982 жылы Алматыдағы «Қайнар» баспасында аға редактор, 1984 жылдан республикалық «Парасат» журналында аға редактор болып істеген. Қазір өзінің жеке баспасы бар.
Оның «Бастау», «Қосөрім», «Балқаймақ», «Отырартөбе», «Мырзашөл», «Аманат», т.б кітаптары бар.
М.Ерімбетов Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Кейінгі толқынға үлкен қамқорлықпен қарайтын Мылтықбай өзінің баспасынан көптеген жас ақын-жазушылардың кітаптарын шығарды. Алматы қаласында тұрады.