Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Жылқышиев Әбжапар

Әбжапар Жылқышиев 1918 жылы 14 қарашада Жамбыл облысы, Лугавой ауданындағы «Сұлутөр» ауылында туған. 1937-42 жылдары мектепте мұғалім болды. 1942 жылы әскерге алынып, Ұлы Отан соғысына бастап аяқ қатысып, 1947 жылы елге оралды.
1947 жылдан 1981 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарында партия-кеңес қызметінде болды.
1981 жылы бербес зейнеткерлерлікке шықты. 1995 жылы қайтыс болды. Ә. Жылқышиев «Айтолқын», «Балжаннң тағдыры», «Мешін жылы», «Өмір жыры», «Дауылдан кейінгі жорық», «Жұмбақ түн», «Замана іздері» деген кітаптардың авторы.
Жазушы Шымкент қаласының құрметті азаматы, екі рет «Еңбек қызыл ту» ордендері мен марапатталған.
Ә. Жылқышиевтің есіиі Шымкент қаласындағы бір көшеге, өзі туған «Қызыл әскер» ауылына берілген.
Қаламгердің бейіті Шымкент қаласының маңындағы зиратта.