Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Асабаев Зәкір

Зәкір Асабаев 1937 жыллы 21 қантарда Келес ауданы, сол кездегі «Бірінші май» колхозында ауыл мұғалімінің отбасында туған. Орта мектептен соң 1953 жылы Ташкенттің Низами атындағы педагогигалық институтының «қазақ тілі, әдебиеті» факультетіне түседі. 1957 жылы Ташкент облысы, Пскент ауданы, «Лениниизм» орта мектебінде оріс тілі мен әдебиетінен сабақ береді. 1957 жылдан 1958 жылдың маусым айына дейін жоғарыда аталған орта мектепте мұғалім боп істегеннен соң, 1958 жылы шілде айының басында Алматыға келіп, «Лениншіл жас» газетіне әдеби қызметкер боп орналасады. Фельетон, мақала, очерк, сықақ өлең, әңгімелері жарық көре бастайды. 1959 жылдың соңынан Сарыағаш аудандық газетінде қызмет істейді. 1964 жылы Алматыға оралып, «Мәдениет және тұрмыс» журналына орналасады (қазіргі «Парасат»). Әуелі әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болады. 1973 жылдан жауапты хатшы, бас редактордың орынбасарлығына тағайындалып, бұл міндетті 1997 жылдың соңында зейнетке шыққанға дейін атқарды. Әлі де аталған журналда қызмет істейді, редколлегия мүшесі. 1967 жылы «Ар соты» атты әңгімелер жинағы шығады. «Жарастың ұлдары», «Мүбәр ханум», «Шаңсорғыш аю емес», «Жалғыз көзді балық» деген кітаптары бар. «Қатерлі найзағай», «Борджионың жүзігі» романдарын қазақшаға аударған. Орыс, өзбек тілдерінен аударған әңгімелері ортақ жинақтарда шықты. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты мерекелік медаль, мақтау грамоталармен марапатталған. «ҚР-ның Мәдениет қайраткері» деген атаққа ие болған.