Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Жұманов Ирисали

Ирисали Жұманов (Журьат) 1942 жылы 15 Наурызда Сайрам ауданының «Манкент» ауылында дүниеге келген.Орта арнаулы оқу орнын бітірген соң көптеген жылдар «Достық байроғи» газетінде журналист болып қызмат атқарған.
Шығармашылық қызметін мектеп қабырғасынан 1956 бастаған оның өлеңдері аудандық,облыстық,Өзбекістан республикалық басылымдарында үзбей жарияланып тұрады. Сонымен қатар ақын сатира, публисистика жанрында да қалам тербейді.
Шығармалары «Қалб армуғони», «Мүшәйра-92» жинақтарында жарық көрді. Облыстық мүшайраның жүлдегері, С Ерубаев атындағы әдеби сыйлықтарының иегері. Қазір И. Жұманов Қазақстан жазушылар одағы облыстық филиалының өзбек әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесшісі.