Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Қалдыбаев Мамытбек

Мамытбек Қалдыбаев 1939 жылы 9 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы «Совет» ұжымшарына қарасты «Қызылжалау» ауылында туған. Шымкент қаласындағы техникалық училищені, педагогика институтының филология факултетін бітірген. Жамбыл облысы, Қордай ауданында мұғалім болған.
1964-65 жылдары әскер қатарында қызмет етті. 1970-78 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» газеті редаксиясында, кейін «Мәдениет және тұрмыс» журналында еңбек етті. Қазір Қазақ Мемлекеттік университетінде оқытушы, филология ғылымының кандидаты.
М. Қалдыбаевтың «Қанат қақты», «ол неге ұялды», «Айна», «Мерей», «Ақжайық әуендері», «Ай туып келеді», «Жолдар шақырады» т.б кітаптары шыққан.
Алматыда тұрады.