Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Меңдеке Әмірхан

Әмірхан Меңдеке 1956 жылы 1 қаңтарда Түлкібас ауданындағы «Дәу баба» ауылында туған. 1972 жылы «Тұрар Рысқұлов» ауылында Абай атындағы орта мектепті бітірген. 1979 жылы ҚазМҰУ-дың филология факультетін тәмамдады. ҚазМҰУ-ды бітірген соң «Мектеп» баспасында аға редактор, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі «Социалистік Қазақстан» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақ радиосының бас директоры, Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратында аға консультант болып жұмыс атқарды.
Қазір республикалық «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының орынбасары. Республикалық баспа сөзде 100-ге жуық әдеби-сын мақалалары 2001 жылы «Елорда» баспасынан «Сөз өнері ; серті мен дерті» атты сыни мақалалардың жинағы жарық көрді.
Ә. Меңдеке 2000 жылғы Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының лауреаты.