Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Момбекұлы Темірхан

Темірхан Момбекұлы – Түркістан 1953 жылы 27 желтоқсанда Мақтаарал ауданында туған. Орта мектептегі 1969 жылы бітіріп, екі жыл шаруашылықта еңбек етеді. 1971-76 жылдары қазіргі Ал-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде оқиды.
Журналистикадағы еңбек жолын 1976 жылы Мақтаарал аудандық газетінде бастайды.1977-78 жылдары Алматы облысы, Талғар аудандық газетінде аудармашы, 1978-83 жылдары республикалық «Мектеп» баспасында редактор, 1983-86 жылдары шығармашылық жұмыста, 1986-87 жылдары Қазақ теледидарында, Қазақ радиосында редактор болды. Қазір халықаралық «Түркі әлемі» газетінің Қазақстандағы тілшісі.
Қазқстан Жазушылар одағының мүшесі Темірхан Момбекұлының «Қуанышты көп күндер», «Күміс велосипед», «Әдемі қыздың жігіті », «Ғашықтық жөні бір басқа», «Тағдыр», «Қазиетіңнен айналайын», «Алысқа ұзатылған қыз», деген кітаптары бар. Ол «Босқындар», «Құсшы- Қаражон» атты радиопьессалардың авторы. Жазушы 1991 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің лауреаты атанды.