Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Қалмырзаұлы Хамза

Хамза Қалмырзаұлы Көктәнді 1953 жылы Сарыағаш ауданында туған. Педагогика институтының филология факултетін бітірген соң әр түрлі газет редакцияларында, Қазақстан Жазушылар одағы облысаралық бөлімшесінде жұмыс істеді.
1989 жылы тәуелсіз «Игілік» ассоциясын өмірге әкелді. Сол жылдары «Игілік» ассоциясының құрылтайшылығымен тәуелсіз «Ақтолғай», «Наурыз» газеттерін шығарды және редакторы болды.
Қазір ЖШС «Қасиет» баспасында бас редактор. Ол сондай-ақ поэзиялық, журналистік жанрларды республикалық ашық, жабық бәйгелерді бірнеше дүркін жүлдегері атанған.
Ақынның «Күн саңы», «Арман қуып адассам, кешір мені ...,» «Адуын ағыстар», «Құбылыс» атты жеке жыр жинақтары, «Мен сені көргелі», «Ауыс адам жасырған құпия», «Туысқан», «Тайна Чокнутого», «Теберік дүние», «Ойдың күші» атты прозалық кітаптары жарық көрген. 1999 жылы «Өмірдің он сегіз жылы»айдарына топтастырылған үш томдығы Алматыдан жарыққа шықты. Туындылары орыс, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған.
Шымкентте тұрады.