Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Қамбаров Қапан

Қапан Қамбаров 1921 жылы Түркістан ауданының «Қандөз» ауылында туған. Жастайынан балалар үйі мен интернатында тәрбиеленген ол Ұлы Отан соғысының ардагері. Жазушының алғашқы шығармалары. 1938 жылы аудандық «Қызыл Түркістан» газетінде жарияланған.
Алматыдағы Жоғары партия мектебін, қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген қаламгер облыстық «Оңтүстік Қазақстан», Шығыстық Қазақстан облыстық «Комунизм туы», республикалық «Социалистік Қазақстан» газеттерінің редакцияларында жауапты қызметтерде болды. Жиырма жылға жуық уақыт ҚАЗ МУ-де дәріс берді. Филология ғылымдарының кандидаты.
Қ.Қамбаров отыз шақты кітаптарының авторы. Оның «Қанды жылдар».
«Ашыну», «Жаза», «Ақадырдың шағаласы», «Махаббатың тұрағы», «Қаракөзайым», «Меңсұлу», «Барлаушының жұлдызы», «Көксеңгір», «Ақ қайың», «Ертісте», «Туған жер», «Әзіреті сұлтан», т.б кітаптары бар. Шығармалары орыс тіліне аударылған. Сондай-ақ, жазушы М.Кольцовтың, А.Довженконың, Н. Ановтың, В. Ванюшиннің шығармаларын қазақшаға аударды.
Майдангер-жазушы «Ұлы Отан соғысы» орденімен медальдармен марапатталды. Ол Түркістан қаласының Құрметті азаматы.
Алматыда тұрады.