Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Қосалыұлы Сатыбалды

Сатыбалды Қосалыұлы Дулати 1942 жылы 20 наурызда Төле би ауданының «Майбұлақ» ауылында туған. Орта мектептен соң Түркістандағы индустриалды техникумды аяқтады.
Бала кезден өлеңге бейім болған ақын ұзақ жылдар бойы облыстық радио хабарларын тарату камитетінде тілші, редактор болып қызмет атқарды. 1991 жылы Шымкенте ашылған «Игілік» шығармашылық бірлестігінің коммерциялық директоры болды. 1993-95 жылдар аралығында Жазушылар Одағы облыстық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі болып істеді.Кейін шығармашылық жұмысқа ауысты.
Ақынның «дәуір дастан», «көзімнің қарасы» деген жыр кітаптары бар.
Ол М. Әуезовтың 100 жылдығына байланысты өткен Мүшайраның жүлдегері. Шымкент қаласында тұрады.