Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Мамырәлі Жәмила

Жәмила Мамырәлі еңбек жолын 1990жылдың тамызынан Сайрам аудандық «Еңбек туы» газетінде тілші-аудармашы болып бастаған. Кейінен осы газеттің негізінде құрылған «Мәртөбе» газетінде «Дәнекер» атты хаттар бөлімінің жетекшісі болып қызмет атқарды.
Қалалық «Шымкент келбеті» газетіне 1993 жылыдың ақпан айында қызметке ауысады. Өз оқырмандарына «Таразы», «Жазира», «Тәуелсіз елді кім қорғайды» атты арнаулы беттерді жүргізуші ретінде танылды.
1998 жылдын бері облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде қызмет істеп келеді. 1993 жылдан бері Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Сайрам ауданы Қарасу ауылында тұрады.