Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Әбдіразақов Бекен

Бекен Әбдіразақов 1936 жылы Арыс қаласында туған. ҚасМу-дің журналистика факультетін бітірген. «Лениншіл жас» ( «Жас алаш» ), «Жетісу» газеттерінде әдебиет және өнер бөлімі меңгерушісі, «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы қызметтерін атқарады.
Қазақстан Жазушылар одағының мушесі. «Тұңғыш кітап» (1963), «Күн толқыны» (1965), «Махаббат мекені» (1967), «Нұрлы түн» (1968), «Жарық дүние» (1969), «Ғашық жан» (1969), «Жігіт даурен» (1974), «Әке базарлығы» (1974), «Жырлайды жүрек» (1977), «Сағыныш» (1978), «Қыран жүрек» (1981), «Көгілдір кеш» (1984), «Желкенді көңіл» (19986), «Өмір мен көңіл» (1993) секілді табысты жыр жинақтарының авторы.
Орыс, өзбек, түркімен аұқындары өлендерін қазақ тіліне аударған. Ақын, кезінде республикалық , бүкілодақтық жырр бәйгелерінің жүлдегері болған. Сыншы, драмаатургг ретінде де танымал. «Хал қалай, доктор?» - пъесасы драматургия конкурсында бәйге алған.