Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Әкімқұлов Еркінбай

Еркінбай Әкімқұлов 1937 жылы 4 қыркүйекте Түркістан ауданының «Балтакөл» аулында туған. 1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Оқудан кейін әдеби, басшысы қызметтер атқарды. «Лениншіл жас» газетінде,Алматы қалалық партия комитетінде, «Жазушы» бакспасында, «Жалын» баспасында жауапты қызметтерде болды.
Е. Әкімқұловтың «Қаракөзі Әбілдайев », «Қош бол, альбом! », «Мойындау» секілді бірнеше кітаптарыт бар.Я. Корчактың шығармаларын қазақша аударған. Қазақстан Жазушылар , Журналистер Одағының мүшесі. ҚазақССР- нің медальдарымен, грамотасымен марапатталған. Алматы қаласында тұрады.