Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Ақбердиев Жолдас.

Жолдас Ақбердиев 1934 жылы 5- мамырда Мақтаарал ауданында туған. Орта мектепті бітірген Жолдас Мақтаарал аудандық газетінде жұмыс істеді. 1956 жылы Алматыдағы ҚазМУ- ге оқуға түсіп, оны журналистика мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Оқудан соң Ж. Ақбердиев «Оңтүстік Қазақстан» газетіне қызметке келді. Жасыннан өлеңге бейім жігіт газет бетіндегі «Қақпан» сын- сықақ бөлімін жандандыра түсті. Енді-енді таныла бастаған сқақшы- ақын өмірден ерте өтті. Дегенмен оның қаламыннан туған сқақтардың, мысал-мысқылдардың ащы әзілдердің, фельетондардың қай-қайсы болмасын күн бүгінге дейін мәнін жоймай келеді.
Ж. Ақбердиевтің 1971 жылы «Жазушы» баспасынан «Басқа бәле тілден» деген алғашқы кітабы шықты. 1979 жылы осы баспадан «Айтуға ауыз бармайды» атты кітабы оқырмандар қолына тиді. 1993 жылы «Осы сіз кімсіз?» деген атпен бұрын оқырмандарына белгісіз болып келген шығармалары кітап болып басылып шықты.
Жолдас Ақбердиев 1974 жылы ауыр науқастан кейін қайтыс болды.