Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Асқаров Асанбай

Асанбай Асқарұлы 1922 жылы 15 қыркүйекте Жамбыл облысының Мерке ауданында дүниеге келген. Жетіжылдық мектептен соң Фрунзедегі педучилищеге түсіп, оны бітіргеннен кейін мектепте мұғалім болып жұмыс істеді.
1942-46 жылдары әскер қатарында қызмет атқарды. Әскери борышын өтей жүріп, әртүрлі қалаларда, соның ішінде көбінесе Иран мемлекетінде болған. Әскер қатарында жүріп полк мектебін, әскери-саяси училещені бітірген, офицер дәрежесіне жеткен. Батальон және полк комсоргі, саяси жетекшінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп полковник шенін алған.
Әскерден кейін райком партиясының нұсқаушысы, райком комсомолының бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1947-51 жылдары Жамбыл обком комсомолының бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық компартиясының бюро мүшесі болған. 1951-54 жылдары Мәскеу қаласының Орталық Комитетінің КОКП-сының жоғары партиялық мектебінде тыңдаушы, 1954-58 жылдары Красногорск және Мерке аудандарының райком партиясының бірінші хатшысы, 1958-59 жылдары Жамбыл облыстық кеңесі бірінші хатшысы, 1965-78 жылдары Алматы облыстық обком партиясының бюро мүшесі қызметін атқарған.
1978-85 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының обком партиясының бірінші хатшысы қызметін атқарған. Жоғарғы партия мектебін және кандидаттық диссертациясын өте жоғары бағамен қорғаған.