Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Бимағанбетұлы Елтай

Елтай Бимағанбетұлы 1932 жылы 13 наурызда Кызылорда облысы, Жаңақорған ауданында "Өзгент" ауылында туған. 1957 жылы Алматыдағы Абай атындағы Мемлекеттік педагогикалық институттың филология факулътетін бітірген соң, 1989 жылға дейін Түркістан ауданы мен қаласында ағарту және мәдениет жұмыстарына басшылық еткен. 1992 жылға дейін Түркістан қалалық "Қазақ тілі" қоғамында қызмет атқарып, 1992 жылдан Түркістан қалалық халық депутаттары Кеңесінің тексеру комиссиясының төрағасы қызметіне ауысқан. Казір зейнеткер.
Ол Түркістан қаласының Құрметті азаматы. Оның "Оралу", "Тарғыл мысық", "Арнау", "Тағдыр", "Тойға тарту", "Ажал аузындағы адам" деген кітаптары бар.