Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Боранбаев Жарылқасын

Жарылқасын Боранбаев 1947 жылдың 23 ақпанында Бәйдібек ауданының "Кос Тұра - Ақбастау" елді мекенінде дүниеге келген. Ата жұрты Шу бойындағы Тасты, Шу елді мекендерінің аралығындағы Қарадөң дейтін жер.
"Көктем тынысы", "Жанартаулар", "Мәңгілік өмір", "Гүлдесте", "Жаздын жылы жаңбыры", "Мазасыз әлем" жыр жинақтарының, "Баба Түкті Шашты Әзіз", "Қарабура", "Ұлылардың үлағаты" деп аталатын тарихи танымдык кітаптардың авторы.
Жырлары оқулықтарға, түрлі жинақтарға, ән кітаптарына енген. Халыққа кеңінен танымал "Қазақы дастарханым", "Аппағым", "Қоштасқым келмейді", "Созағым", "Әзіреті Қаратау", "Оралды ортамызға", "Сен екеуміз", "Туған жер", т.б. әндердің мәтінін жазған.
1996 жылы жазған публицистикалық мақалалары үшін "Ана тілінің саңлағы" атағы берілген. Бірнеше фестивальдің, жыр мүшәйрасының жеңімпазы. Орта мектеп окушыларына арнап " Камбар батыр" диафильмін, "Халық мүғалімі Айтқалиев" оку фильмін жасаған.