Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Исабекұлы Дулат

Дулат Исабеков 1942 жылы 20 қарашада Арыс ауданында туған. Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Институтты Бітірген соң екі жылдай Қазақ радмосында аға редактор болды. Кейін «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасының аға редакторы болды.
Соңғы жылдары Қазақ телеродио комитетінің басшысы, «Жазушы» баспасының директоры қызметтерін атқарды. Бүгінгі таңда «Қазақ мәдениеті және өнертану ғылыми-зерттеу институты» директоры.
Д.Исабеков қазақтың көрнекті драматург-жазушысы. Шығармашылық жолы «Шойын құлақ»әңгімесінен басталған Исабеков қазақ әдебиетіне үлкен жаңалық әкелген классик жазушы.
Д.Исабекұлының «Таңғы шық», «Бекет», «Мазасыз күндер», «Дермене», «Сүйекші», «Гаухар тас», «Тіршілік», «Біз соғысты көрген жоқпыз», «Пері мен періште», «Өкпек жолаушы», «Қарғын», «Тыныштық күзетшісі» атты бірнеше кітаптары бар. Шығармалары әлемнің бірнеше тіліне аударылған. «Қазақфильм» киностудиасы Д.Исабекұлының шығармалары желісімен «Гаухар тас», «Дермене», «Тіршілік» аталатын көркем фильмдер түсірді. Пьесалары республика театрларында үздіксіз жүріп келеді. Д.Исабеков Алматы да тұрады,