Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Бөріғазының Өскені

       Бөріғазының Өскені Созақ ауданындағы "Созақ" ауылында туған. Орта мектептен кейін алдымен Жамбыл каласындағы Технологиялық институтты бітіреді, содан соң Шымкенттегі Педагогикалық институтты тәмамдайды. Мамандағы — инженер-технолог, педагог- математик. Қаламгер түрлі өндіріс орындарында әртүрлі қызметтер атқарды ұзақ жылдар Созақ ауданында мектеп директоры, пионерлер лагерінің бастығы, кеңшар кәсіподақ комитетінің төрағасы, кеңшардағы партия комитетінің хатшысы, і "Созақ" ауылындағы кәсштік-техникалық училищенің директоры қызметтерін атқарды. Қазір зейнеткер. Созақ ауданының Құрметті азаматы, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Оңтүстік Қазақстан облысының 2005 жылғы «Ең үздік ақыны" атағының иегері.
       Өлеңді он төрт жасынан бастаған Өскеннің жырлары бірнеше ұжымдық жинақтарға енген. Ол 2001 жылдан бері Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Бүгінге дейін 6 жыр жинақтары жарық көрді. Атап айтқанда: "Заман-ай"(1992ж.), "Киелі топырақ"(1996ж.), "Теріскей толғауы" (1999ж.), "Сағыныш"(2003), "Толғаныс толқындары" (2005ж.), "Жан жарқылы"(2010ж.). Қазір жаңа жинақ әзірлеу үстінде. Шертпе күйдін хас шебері, ұлы күйші-сазгер Төлеген Момбекұлы туралы "Төлеген" атты көлемді дастан жазып бітірген. Дастан Созақ аудандық "Созақ үні" газетінде жарық көрді.