Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Балқыбек Әмірхан

Әмірхан Балқыбек 1969 жылы 19 мамырда Жетісай ауданына қарасты Ленин атындағы ұжымшарда туған. 1986 жылы Шардара каласындағві М. Әуезов атындағы орта мектепті бітірген. 1987-89 жылдары әскерде болды.
Әскерден оралған соң Шардара аудандық "Өскен өңір" газетінде тілші болды. 1990 жылы әл-Фараби атындағы Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетіне окуға түседі. Университетті 1995 жылы аякқайды.
1995-2000 жылдары республикалық "Парасат", "Жас алаш", "Ана тілі" басылымдарында қызмет атқарды. Қазір республикалық "Қазақ әдебиеті" газетінде мәдениет саясаты бөлімінің меңгерушісі.
Әмірхан Балқыбек Казақстан Жазушылар одағының мүшесі. Әдебиет саласы бойынша екі рет Президент стипендиясын иемденген. "Метамарфоза" деген жыр кітабы бар.
Ақын қазір Алматыда тұрады.