Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Батырбекова Бәтима

Бәтима Батырбекова 1928 жылы 5 желтоқсанда Созақ ауданының "Ашынтау" ұжымшарында дүниеге келген. Абай атындағы Казақ педагогика институтының филология факультетін бітірген. Ауыл мектебінде сабақ беріп жүріп әуелі ақындар айтысында танылады. Аудан көлемінде басшылық қызмет те атқарады. 1969 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Қазақ Кеңес энциклопедиясының бас редакциясында жұмыс істеген.
"Бесікжыры", "Гүлдер ашылғаңда", "Көксеңгір", "Қосалқа", "Мизаншуақ" жыр жинақтарының авторы.
Өзі туып-өскен ауылдағы орта мектепке аты берілген.