Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Якубов Адыл

Адыл Егамбердіүлы 1926 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданының "Карнақ" ауылында өмірге келген. 1944 жылы орта мектепті бітіріп, 1945-1950 жылдары әскер қатарына шақырылып, жапондармен соғысқа катынасты.
1951-1956 жылдары Орта Азия мемлекеттік университетін бітіріп, Өзбекстан Жазушылар одағының кеңесшісі, "Литературная Газетаның" Өзбекстандағы меншікті тілшісі (1959-1963, 1967-1970), "Өзбек фильм" киностудиясы мен Кинематография комитетінде Бас редактор, Ғафур Ғулам атыңдағы баспада Бас редактордың орынбасары (1970-1982), "Өзбекстан әдебиеті мен саньати" газетінін Бас редакторы (1982-89), Өзбекстан Жазушылар одағының бірінші хатшысы (1989-1996) қызметтерін аткдрды. Қазіргі кезде ОрталықАзия халықгары мәдеяиеті Ассамблеясының бірінші Вице-президенті, Өзбекстан Халықжазушысы, .
Адыл Якубовтың алғашқы көлемді повесі "Құрдастар" 1951 жылы басылып шыкты. Одан кейін "Шынайы махаббат", "Айтсам тілім күйеді, айтпасам ділім күйеді" пьесалары Хамза атындағы театрда қойылды. Одан соң "Екі махаббат", "Бір фельетон элегі", "Мухаддас", "Қанат катайғанда" повестері жарық көрді. "Ер басына күн туса", "Ұлықбек қазынасы", "Қайран дүние", "Диенат", "Ақ құстар", "Әділет түрағы" романдарын жазды.
Адыл Якубов Өзбекстан Мемлекетгік сыйлытының лауреаты, "Достық", "Ел кұрметі" ордеңдерімен марапатталған. Кезінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.