Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Қалыбав Өтебай

Өтебай Қалыбаев 1921 жылы Сайрам ауданының «Көмешбұлақ» ауылында туған. Жас кезінде жетім қалған ол балалар үйінде тәрбиеленеді. 1940 жылы Шымент медицина училищесіне оқуға түседі.
Ұлы Отан соғыс жылдарында Өтебай Сталинград майданында ол атақты неміс генералы Фаулюсті тұтқындауға қатысады. 1960 жылы Шыменттегі педагогикалық институты бітіреді.
Ақынның шығармашылық қызметі 1940 жылдан басталады. Оның жырлары көптеген ұжымдық жинақтарға енген. Олардың ішінен «Шұғыла», «Жайқоңыр» жинақтарын бөліп атауға болады. Ө. Қалыбаевтың жеке кітабы «Ғұламалар өсиеттері» деген атпен 2001 жылы шықты.
Ұлы Отан Соғысындағы ерліктері үшін «Отан соғысы» орденімен, бірнеше медальдармен марпатталған. 1998 жылы Ө. Қалыбаев Сталинград майданындағы ерлігі үшін «Парасат» орденімен марапатталды.
Ақын 1999 жылы қайтыс болды.