Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Тұяқбаев Жұмамұрат

Жұмамұрат Тұяқбаев 1938 жылы 10 қыркүйекте Отырар ауданында туған. Кдзақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, 1961 жылы Акмола облыстық "Тың өлкесі" газетінде еңбекжолын бастады.
Ақмолада үлкен тәжірибеден өткен қаламы карымды журналист Ж.Түяқбаев 1975 жылы туған еліне оралады. Елге келе салысымен облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газетіне қызметке орналасады. Алғашқыда газетгің әдеби қызметкері болған ол кейін бөлім меңгерушісі, редактордын бірінші орынбасары болып істеді. 1991 жылы Шымкент калалық "Шымкент келбетІ", "Понарама Шымкента" газеттерінщ бас редакторы болды. Өмірінің ақырына дейін осы кызметте болған ЖТүяқбаев "Құрмет белгісі" орденімен наградталған, Шымкент калалық Мәслихатыньщ депутаты, Шымкент каласының Қүрметті азаматы. Сондай-ақ, Оңтүстік Казақстан облысының Грамотасымен марапатталған.
Ж.Түяқбаев тамаша журналист болумен бірге талантты жазушы еді. Жазушының "Береке бастауы", "Шырай", "Күйрсу" атты кітаптары, "Парыз" повесі, "Иірім" романы жарық көрді.
Ж.Тұяқбаев аударма саласында да біршама еңбек етгі. Жазушының аударуымен Ш.Айтматовтың "Шыңғысханның ақ бұлты", Әзиз Несиннің, Александр Бектің шығармалары қазақ оқырмандарына жаңа тұрпатга жетті.
Казақстан Жазушылар одағының мүшесі. Ж.Түяқбаев 2000 жылы ауыр науқастан кейін қаза болды.