Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Оразбайқызы Тұрсынай

Тұрсынай Оразбайқызы 1950 жылы 19 ақпанда Сайрам ауданы, «Қайнарбұлақ» кеңшарынна қарасты «Қайнарбұлақ» ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, Мәскеудегі Жоғарғы әдебиет курсын оқып бітірген. Жастайынын әнші әрі ақын ретінде көзге түскен. Облыстық драма театрында, рабиокомитете, мәдениет мекемелерінде «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакциясында , Қазақ радиосында, Жазушылар одағында, Саха Республикасының Қазақстандағы өкілдігінде жұмыс істеген. Қазір ТМД Жазушылар одақтарынының қауымдастығында (Мәскеу қаласы) Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының өкілі болып қызмет атқарды.
Тұңғыш өлеңдер топтамасы «Жалын» баспасынан шыққан «Қанат қақты» атты жинақта жарық көрген (1975ж) «Таңғы шапағы», «Іңкәр жүрек әуені», «Гүлсезім», «Ты мая весна» сияқты бес алты жыр жинағы қазақ, орыс, саха, тува тілдерінде шыққан.
Тұрсынай Оразбайқызының аты, әсіресе Саха республикасындав кеңінен танымал. Туысқан саха жұртшылығы Т.Оразбайқызын екі елдің ортақ қызы ретінде таниды. Тұрсынай Саха республикасының әдеби сыйлықтарына, өзге де жоғары наградаларына ие.