Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Оразов Нұрғали

Нұрғали Балтақараұлы Оразов 1960 жылы 25 тамызда Қазығұрт ауданы, «Монтайтас» ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті журалмстика факультетінің түлегі, Оқудан соң іле-шала еңбекке араласқан ол республикалық «Жалын» баспасында жетекші редактор болды. Бұдан кейін «Парасат» журналы бас редакторының орынбасары, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары болды. Қазір республикалық «Парасат» журналында проза мен поэзия редакциясының жетекшісі және Әл-Фараби атындағы Қаз МҰУ-де сабақ береді.
Н .Оразов Қазақ Жазушылар одағының мүшесі. Оның «Соқпақ жел», «Бақыршаның балалары», «Қазығұрт ооқиғалары» деген жеке прозолық кітаптары бар. «Арман қанатында», «Бастау», «Сәлем, Саха елі», «Қос ішек», т.б ұжымдық жинақтарға шығармалары енген. Жазушының «Жалғыз түп долана» атты алғашқы әңгімелерінен бастап бүгінге дейін жазғанкөркем шығармаларының бәрі де қалың оқырманның, әдеби ортаның ыстық ықыласына бөленіп келеді. Әңгімелер ағылшын, орыс, саха тілдерінде аударылып басылған.
Нұрғали Балтақараұлы республикалық «Жалын» баспасының көркем шығармаларға арналған дәстүрлі жабық бәйгесінің 1998-1989-1990 жылдардағы лауреаты. «Қазақ әдебиеті», «Парасат» басылымдарының лауреаты. Қазақстан Республикасы Президентінің стипендианты.