Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Оспанов Лесбай

Лесбай Шотайұлы Оспанов 1954 жылы 1 ақпанда Отырар ауданындағы «Байырқұм» ұжымшарының № 4 фермасында туған.1970 жылы өз ауылындағы орта мектепті бітірген. 1970-76 жылдары шаруашылықта трактор айдады. 1976 жылы Алматыдағы ҚазПИ –ге оқуға түсіп, оны 1981 жылы бітіреді.
Студент кезінің өзінде «Педагог», «Пионер» газеттерінде редактор болған ол 1981-82 жылдары республикалық «Жаңа фильм» журналында бөлім меңгерушісі, кейін өмірінің ақырына дейін Қазақ телерадио комитетінде коментатор, редактор болып қызмет атқарды.
Ақынның жырлары «Жыл он екі ай», «Тоғыз перне», деген ұжымдық жинақтарға енген. 1987 жылғы республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты.
Лесбай Оспанов 1995 жылы 11 мамырда қайтыс болы.