Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Орынбай Шойбек

Шойбек Орынбай 1953 жылы 7 мамырда Сарыағаш ауданы «Жібек жолы» ауылында туған.
Сарыағаш аудандық, Көкшетау, Оңтүстік Қазақстан облыстық, республикалық «Егемен Қазақстан» газеттерінде қызмет істеген. Қазір тәуелсіз басылымдарға редакторлық етіп, басқаруға ат салысып жүр.
Жазушының «Арман қанатында», «Сарыағаш саздары», «Шырғалаң», ұжымдық жинақтарында әңгіме, повестері жарияланған. «Өмір деген осындай», «Тозаңды терезе», «Сыңарқұлақ», «Сана», «Шапағат мен мейірім», «Әміршінің әлегі», «Қара азбанның қателігі», «Бүгінгі заман ертегілері», деген жеке жинақтары жарық көрген. «Қайғы заман немесе Төле би тағдыры» деген роман диологиясы оқырмандар қолына тиді. Мархабат Байғұтпен бірігіп «Қарлығаш әулие Төле би пьесасын » жазды. Шымкентте тұрады.