Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Нысаналы Аян (Сейітхан)

Аян Нысаналы 1942 жылы 1 наурызда Бәйдібек ауданы, «Жетімтау» ауылында туған. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты. Әдебиет зертеушісі.
Ақын Мәскеудегі М.Горкий атындағы Әдебиет институтын бітірген. Қаламы қарымды журналист.
Оның «Көктем кешікпейді», «Сүмбіле», «Иірім», «Көзайым», «Тыныс», «Мәуе» деген жыр кітаптары бар. «Параметры», «Жансарай» атты әдеби сын кітаптарының авторы. Орысша да қазақша да жазатын қаламгер аудармашылықта да қажырлы еңбек етіп келеді. Әбунасыр Әл-Фараби, Бажа Пжавела, Низами, Хафиз, Науаи, А.С Пушкин, М.Ю Лермонтов, В. Высоцкий, Атилла Иожеф, Ю.Тувим өлеңдерін қазақшаға аударған. Аян Нысаналыға «Армысың БАМ» атты очеріктер жинағы үшін Қазақстан Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығы берілді. Қазақстан Киноматографистер одағы және Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты.