Жазушылар одағы

Одақ мүшелерінің тізімі

Нақымов Дүйсенхан

Дүйсенхан Нақымов 1945 жылы 1 наурызда Ордпбасы ауданы Қ. Мұңайтпасов атындағы ұжымшарда туған. 1952 жылы «Коммунизм» сегізжылдық мектебінің бірінші класына оқуға түседі. 1962 жылы Темірландағы «Амангелді» орта мектебін бітіреді. Әскер қатарынан оралған соң, 1967 жылы Ордабасы аудандық халық сотының хатшысы болып істейді. 1968 жылдан қайтыс болғанға дейін аудандық газетте қызмет етті.
1974 жылы Кентау қаласында өткен республика жас жазушыларының кеңесіне қатысты. Өлеңде өзінің өрнегімен ерекшеленетін ақын 1977 жылы ауыр науқастан қайтыс болды. Ақынның 1977 жылы «Тұңғыш кітап» деген атпен жеке кітабы шықты. Артында қалған мұралары бірнеше ұжымдық жинақтарға енген.Бейіті Темірландағы зиратта.