Қаламгер

Сайт посвященный писателям Южного Казахстана. Здесь вы найдете новости филиала Союза Писателей Казахстана и автобиографии южных каламгеров.

Құрметті оқырман!

Оңтүстік өңірі қаламгерлерінің сайтына қош келіпсіз! Оңтүстік Қазақстан облысының ақындары мен жазушылары еліміздің рухани өрісін өрнектеуге, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып келеді.

Қаламгерлер қауымы

«Әдебиетті - ардың ісі» деп бағалайтын қаламгерлер қауымы қашанда қоғамның айнасы, үні, қозғаушы күші. Төлеген Айбергеновтың «Ақын болу оңай деймісің, қарағым, аузында болу ғой бұл сыздаған барлық жараның» деуі де осыны меңзесе керек.

Оңтүстік өңірі әдебиетінің ежелгі тарихы әл-Фараби бабамыз бен Қ.А. Иасауи сынды данышпандардың мұраларынан бастау алады. Сонымен қатар, С. Бақырғани, А. Иүгінеки, Майлықожа, Мәделіқожа, Молда Мұса, Құлыншақ пен Орынбай дүлдүлдері халық мақтанышы болып табылады.

Қазақ әдебиетінің классиктері Т. Әлімқұлов, С. Адамбеков, А. Сүлейменов, сондай-ақ С. Бақбергенов, Ө. Тұрманжанов, Т. Бердияров, Т. Тоқбергенов, Қ. Найманбаев, О. Малқаров, Н. Сүлейменов сияқты қаламгерлеріміздің шығармалары бүгінде оқырман жүрегінде өмір сүруде.

Бүгінгі таңда Д. Исабеков, М. Шаханов, И. Сапарбай, Е. Тұрысов және басқа да қаламгерлеріміздің шығармалары өз орнын тапты.

ОҚО қаламгерлері сайтына бірқатар ақын-жазушылар туралы веб-беттер ұсынылды. Бұл тізім өз жалғасын табады.

http://kalamger-uko.kz