Абылайхан Есімбай

Өмірдерек


Жас прозашы Абылайхан Есімбай 1994 жылы 18 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан), Түлкібас ауданында дүниеге келді. 2001-2012 жылдар аралығында М.В.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясында оқыды. Мектеп қабырғасында жүргенде жазған мақалалары аудандық, облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде жарияланып тұрды.
11 сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті пәндік олимпиадасының облыстық деңгейінде бірінші орын алып, Сулейман Демирел универсиетінің грантына ие болды.
2012-2016 жылдары аталған университетте журналистика кафедрасында білім алды. Университет қабырғасында көптеген шығармашылық байқауларда бақ сынап, жүлделі орындардан көрінді.
2018 жылы Шымкент қаласының «үздік жас жазушысы» номинациясының иегері атанды.
2018 жылы «Қанат қақты» жас қаламгерлер жинағының редакторы болып, кітапты жарыққа шығарды.
2020 жылы Түркістан облысының «Үздік жазушысы» атанды.
2021 жылы «Кедей қызы» кітабына байланысты көптеген кездесулер өткізді.
2016-2018 жылы – республикалық «Рейтинг» газетінде тілші,
2018 жылдан бастап «Oinet.kz» сайтында бас редактор болып жұмыс істейді.