Ақжол Қалшабек

Асыл сөз


Ол өмір бойы ұйықтап, өлген соң бір-ақ оянды.



Ақиқат өтіріктің, өтірік ақиқаттың көйлегін киіп алған қазіргі кезде. Жұрт содан қатты шатасып жүр.



- Философия деген не?
- Философия –  адамдардың, Құран – Құдайдың сөзі.



Ғылымда жүрген шегірткенің айғырлары көп, бірақ қазанаттар сирек.



Көшербай  Плагиатұлы  ғылыммен айналысып жүр екен.



Мовзолейде Лениннің мәйітін көрген біреу өзін тарихи тұлға санапты.



Рухсыз көпшілік – үйілген тезек.



Өмірдің мағынасын білмей-ақ өмір сүретіндер жүдә көп.



Дүние –  көр тұман, білім – нұр жарық шашқан.



Халықтың қазынасына қол сұғып, жем жегендер, шімірікпей  өз анасының шуын жегендер.



Тірілердің ішінде өліктер көбейіп кетті, өлгендердің арасында тірілер тағы аз.



Ақиқат тұншыққан кез, өтірік құлшынып құтырған кез, осы кезде ер кәні өтіріктің бет-пердесін жыртып, танытар оның не  екенін тез.



Жүрегі  Құдайды ойламаған  соң, бүйрегін  шайтанға бұрыпты



Ахиреттің рахатын батыстың комфортына баспа-бас айырбастапты



СССР-дың кезінде  арқасы қамыр болған құл тәуелсіздік кезінде де тезек теріп жүрген жоқ.



Оған тандыр нан әтші, гамбургер тәтті.



Шепсіз ми соғысына  шірене  кірді ол.



Өмірді ол бір ұзақ нәрсе деп ойлап жүрген, сөйтсе ол сүт пісірімдей ғана мерзім екен.



Пішін (форма): Менің жұрт қатарлы сәнденгім келеді.
Мағына (идея): Сен шектен шықсаң жұрт маған күледі.



Анегдот айтып жүріп-ақ арманына жетті.



1  2  3