Ақжол Қалшабек

Асыл сөз


Онда бір жыртық шапан  мен майысқан бір леген қалыпты. Адамдар «Тағы бір шегі жоқ домбыра ілулі тұр» деп айтып жүрген көрінеді.



Ол өмір бойы оқып, мынаған машықтанды: кириллица әріптерін танып, Пифагор таблицасын жаттады һәм бесжұлдыздың суретін айнытпай  салуды үйренді.



Қазір әлемді «Ксерокс» патша билеп тұр. Ақ қағаз ыбырсып, әр жерде шашылып жатыр.



Бұрын «абзац» болып қор болып жүретін, қазір «азат жол» боп жаны кіріп қалды.



Өнер, өнер деп жүріп, үсті-басының бәрін былғап алды.



Адамдарды айлакерлікпен алдап өтіп, шыға берісте тарих тұзағына түсті.



1  2  3