Нұрғали Сердалиев

Өмірдерек


Сердалиев Нұрғали Ғабитұлы. 1990 жылы Түркістан облысы, Отырар ауданы Көксарай ауылында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жас ақын. Бірнеше республикалық облыстық, аудандық жазба ақындар, «Жыр» мүшәйрасының жеңімпазы. 2019 жылғы жас ақындардың «Жырлаймын-туған елімді» тақырыбында ұйымдастырылған поэзия жанры бойынша бас жүлде иегері. 2021 жылы сәуір айында, республикалық «Өлең сөздің-патшасы» ақындар бірлестігінің «Шәмшіге – тағзым» өлең сайысының бас бәйгесін иеленген. 2022 жылы өткен аудандық «Отырар таланттары – 2022» Халық өнер фестивалінде «Мүшәйра – 2022» жазба ақындар бойынша 1-ші орын иегері. 2023 жылы мамыр айында, Шардара ауданында өткен Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы дала перзенті» атты облыстық мүшәйраның жүлдегері. Жыр жампозы Есжан Айнабековты еске алуға арналған мүшәйраның 2-ші орын иегері. 2023 жылы Отырар ауданының жылдың үздік жас ақыны. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, жүзеге асырылып жатқан «Түркістан – таланттары» жобасының қатысушысы. «Түнгі өлең» жыр-жинағының авторы, ақын!