Сүндет Сейітов

Асыл сөз


Жақсы өлеңдер бар деп ойлаймын, бірақ оны жақсы көретін адамдар бар ма деген сұрақ жиі мазалайды...



Қазақ қаламгерлеріне адамгершілік пен ынсап керек. Қазір әдебиетіміздің бір мәселесі болса, ол – ынсапсыздық. Капитализм деген – көке-жәкені жағалап, дүние жинау екен ғой деп түсінген қаламгерлердің көбі – өзіне емес, қоғамына қиянат жасап жүр. Бірақ, олар ел ішінде абыройлы, салмақты тұлғалар. Алайда, көшедегі шалшықты байқаусызда баса қалса, сол кезде оның кім екенін тануға деген сізде мүмкіндік көп.



Автор мен оның шығармасы бір-бірімен біте-қайнасып жату керек. Автор сұмырай ма, шығармасы да солай болуы керек. Егер жақсы адам болса, шығармасы да тура солай болмақ. Бірақ, ортамызда өзі қырда, шығармасы сайда жатқан авторлар өте көп... Оларға құдай бірлікті нәсіп етсін!



Жастар қоғамдық көлікте үлкендерге орын береді. Бермеске болмайтындай әдет қой. Ал, енді үлкендер қоғамнан жастарға орын беру керек. Мұны да бермеске болмайтындай әдетке айналдыру керек. Сонда ғана бәрі орны-орнымен болады.