Көшкінбай Елікбаев

Лебіз


Өмірде еңбексүйгіш еңбекқор дейтін қасиетті ұғым бар.
Адам бойынан оның орнымен, мән-маңызы мен бәсекелесе аларлық басқа қасиет табыла қояр ма екен, сірә! Егер адамның тіршілікте жасаған барлық бейнетіне қылдай қиянат жасамай, барлығын жинап-теріп алып, ар таразысына салып өлшеп отыратын бір құдырет табылса, онда 1965 жылы Шымкент пединститутының қазақ тілі және әдебиеті мамандығына оқыған 65 курстастарының арасында Көшкінбайдың еңбек тынысының салмағы бәрімізден ауыр басып шығатынына бірде-бір курстас досы шүбә келтірмес еді.

Ө.Танабаев, ХҚТУ профессоры



К.Елікбаев бүкіл саналы өмірін шәкірттеріне, жастарға, халқына жақсылық жасаумен келді. Кіндік қаны тамған жердің балаларын оқытты. Туған жерге ұстаздық еңбек жолын арнады. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақта тиімді пайдалана білді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытудың іс-тәжирбелері «Қазақстан» мен «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Бастауыш мектеп» журналы «Қазақстан мұғалімі», «Төлеби туы» газеттерінде жарық көрді. Сабақ оқытудағы іс-тәжербиесін аудандық әдістемелік кабинет, облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институты, республикалық оқу-әдістемелік кабинеті плакат, кітапша етіп бастырып, мүғалімдерге таратты.

О.Сүттібаев, Д.Хангелді